Қазақстанның 10 облысында су тасқыны болуы мүмкін. Бақылауға алынған елді-мекендер тізімінде Солтүстік Қазақстан облысыда бар.Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлім етті. Синоптиктердің ақпараты бойынша облыс орталығында су деңгейі өткен жылмен салыстарғанда 50-80 сатиметрге жоғары болмақ. 

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша биыл су тасқыны болмақ. Облыста 90-ға тарта ауыл еріген қар суының астында қалуы ықтимал. Себебі биыл қардың қалыңдығы мен оның құрамындағы ылғалдың мөлшері шамадан тыс жоғары. Бір ғана Сергеев су коймасындағы ағын мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 57 пайызға артқан.

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе облыс бойынша су тасқыны мәселесі. Негізгі гидрологиялық болжам шығарылады. Болжамға сәйкес көктемгі су тасқынын ағынының күтілетін көлемі Сергеев су коймасында ағын 1 млрд 600-2млрд 400 млн мекше метр болмақ». 

Жыл сайын су тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Су басу қаупі жоғары елді-мекендерден мыңдаған текше метр қар да шығарылып жатыр. Өйткені күн жылынса, еріген қардың суы топыраққа сіңбей, елдің есін шығарады.

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Наурызға арналған болжамға сәйкес бірінші және екінші онкүндікте орташа тәулік температурасы сақталады.Қар жамылғысы ылғалдың жиналуы жалғасады. Үшінші онкүндіктің екінші жартысында айтарлықтай жылыну болжанады. Бұл белсенді қар еруіне әкеледі». 

Синоптиктердің мәліметінше, сәуір айында өңірдегі жауын-шашын мөлшері әдеттегіден көп болмақ. Сондықтан сақтық шаралары басты мәселе екендігін тілге тиек етуде.