Брейкинг - яғни, акробатикалық көше биінен Әмір Зәкіров Будапеште өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша, олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанып, Париж ойындарына жолдама алды. Әмір финалға дейін жеңіске жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңіліс тапты. Осылайша ол екінші орынмен қатар, олимпиадалық квотаны иеленіп отыр. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинаған. Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген.