Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «AI MediaLab» ғылыми-зерттеу орталығы медиадағы жасанды интеллект зертханасы ашылды. Студенттердің алғашқы жобалары көрсетіліп, жасанды интеллекттің көмегімен қазақ тілінде жарық көрген жаңа газет таныстырылды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Зертхананың басты мақсаты студенттерге өз жобаларын дамытуға мүмкіндік беру. Бұл орталықта жаңа технологиялармен жасақталған компьютерлер қолданылады. Алғашқы жобалардың бірі AI TAMYZ газеті. Шығарылатын материалдар мен мақалалар арнайы жасанды интеллектпен жасалған. Газеттің басты ерекшеліктерінің бірі қазақ тілін жасанды интеллектке енгізу арқылы ауқымын кеңейту дейді автор.
ӨМІРЗАҚ НҰРАЛТАЙ ҚАЗҰУ МАГИСТРАНТЫ: «Жасанды интеллект арқылы арнаы басылым шығарып жатырмыз, алдағы уақытта бірнеше бағытта жобаларға аналады, Виртуалды диктор секілді жобаларды ары қара дамытатын боламыз және де қазақ тілі бізде жасанды интителлектте енді дамып келе жатыр, толықта қазақшаланған жоқ, ол бағытта министрлікте Kazakh long language model деген жоба қарастырылды, мақсаты қазақ тілінде барлық жасанды интеллектті қамту».
Еліміздегі жасанды интеллекттегі алғашқы медиа орталықта көптеген жобалар жасалуда. Бұл орталықта жаңа технологиямен қамтылған суперкомпьютерлердің арқасында аудио бейне жазбаларды ортақ компьютерге жинақтап ыңғайландыруға болады.
ӘЙГЕРІМ АЙЖАНОВА ҚАЗҰУ БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Алдағы уақытта жасанды интеллект арқылы хабарды арнайы телеарна мен радио арқылы беру жоспарда бар. Бұл бағдарлама сәуірде жоспраланып бүгінде жалғасын тауып отыр. Меморандум арқылы студенттердің дамуын болашақта жұмысқа орналасуына жағдай жасауда».