Алматы қаласы Наурызбай ауданы №207 мектеп-лицейде "1 қазан - Халықаралық қарттар күні" атап өтілді. Тағлымды, мазмұнды шара “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында білім алушылардың бойында құндылықтарды сыныптан тыс іс-шаралар арқылы дамыту мақсатында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Шараға қонақ ретінде Наурызбай ауданының 101 жастағы тұрғыны, 10 баланы тәрбиелеген ана, тігінмен айналысқан шебер Аукеева Ажар әжей және мектептің ардагер ұстаздары қатысты. Аяулы әжеміз мектеп-лицей оқушыларының ортасында өнерпаздарымыздың арнаған өнерлерін тамашалап, өзінің ақ батасын беріп, мектеп-лицейдің көркейе беруіне тілек білдірді.
Қарттарын ардақтаған еліміздің көк туы көкте желбіресін, қарттарымыз аман болсын.