Қорғаста 6 ойынхана мен жезөкшелер үйі анықталды. Астыртын казинолар Қытай азаматтары үшін жұмыс істеген. Тергеу жалғасып жатыр деді Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.Егер сіз қандай да бір заң бұзушылық пен бюджет қаражатын ұрлау немесе сыбайлас жемқорлық фактісінің куәсі болсаңыз, «АФМ Insider» телеграмм ботына анонимді түрде хат жазуға болады. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:  «Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды».