Қызылорда да 18 мектептің асханасынан олқылықтар анықталды. Олардың бірінде тазалық жұмыстары дұрыс сақталмаса, енді бірінде құнарсыз тамақтарды оқушыларға ұсынған. Осы сынды шикіліктердің барлығы қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында көтерілді.

Халық қалаулылары сала мамандарымен бірге «Бәйтерек» тұрғын ауданында орналасқан №287 мектептің тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесін тексерді. Білім ордасында оқушыларға берілетін тағамның аса майлы болуы және берілетін еттің мөлшерден аздығы, сондай-ақ 320 баланы ыстық тамақпен қамтып отырған аспазшылардың санитарлық талаптарды ұстанбауы маслихат депутаттарын үнсіз қалдырмады. 

Кейін комиссия мүшелері қалалық мәслихатта мамандармен, ата-аналар және мектеп басшыларымен күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл № 179 мектеп    мерзімі өтіп кеткен өнімдер мен тыйым салынған өнімдерді пайдаланғанын, №15 мектеп–гимназияның кәсіпкері «аспазшы» дипломы жоқ маманға балаларға ас дайындауға жол бергенін мәлімдеді.

ЖАПЫРАҚ ҰЗАҚБАЕВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ: «Ыдыстардың маркировкасы №280,138,10 мектептерде жасалмаған.№179 мектептің кәсіпкері сертификатта көрсетілген жарамдық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді және тыйым салынған тұшпара,шұжық, қатпарлы қамыр өнімдерін пайдаланған.Сертификаттің мерзімі өтіп кеткен өнімдерді пайдалану №4 мектеп лицейінде орын алған. Ал №10 мектеп кәсіпкері тамақ рационы нормаға сәйкес емес «Компот» мүкәмәсімен ыдысқа тамақтың қалдықтарын жинаған, яғни компоттың ыдысына қалдық, қалдық ыдысына компот қайнатқан».

Жалпы қалада 55 мектеп асханасы бар. 34 252 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Статистикаға сүйенсек, 45 мектеп асханалары тексеруден өткен. Тексеру барысында анықталған олқыылықтарды жою жөнінде тапсырмалар берілген. Әрбір мектеп асхана қызметкерлерімен тағамнан уланудың алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілу қажет.

ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Көптеген мектептерде санитарлық талаптар сақталмаған. Тағамның қоспалары еденде жату деректері де тіркелген.Сонымен қатар аспасызшылар сыртқа киетін киіммен тамақ әзірлеп гигеналық талаптарды сақтамаған».

Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмаған ата-анасының қадағалауынсыз, қарауынсыз, қаңғыбастыққа салынып жүрген, әртүрлі құқық бұзушылық фактілері үшін 1499 әкімшілік хаттама рәсімделген. Ойын-сауық орталықтарында және тұрғын үйден тыс жерде жүрген 856 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Балаларды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерін орындамаған 63 ата-анаға 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынған.

ЛЯЗЗАТ АХМЕТОВА ҚПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біріңғай деректер базасына 22 ата-ана, 28 жасөспірім есепке алынды.Кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын сауық мекемелерінде болуына жол берген 76 кәсіпкерге хаттама толтырылған.Өз міндеттерін орындамаған 2 ата –ана сот құзырымен құқығынан айырылса, 3 ата ана құқығынан шектелген».

Жиынның басты ерекшелігі - ата-аналардың толық қатысып, ақпараттарды өздері естуінде. Отырыс барысында №3 ІТ мектеп-лицейі ата-аналар комитетінің төрайымы, көп балалы отбасы Айкүміс  Қосанова баяндама жасап, барлық ата-аналарды бала тәрбиесіне мұқият болуға шақырды.