"
«Құндылықты дарыту – сапалы білім негізі». Дәл осындай тақырыппен бастауыш сынып мұғалімдерінің басын қосқан мағыналы шара ұйымдастырылды. Алматыдағы №173 мектеп-лицейінде өткізілген өңірлік семинарға Алматы облысы мен қаламыздағы бастауыш сыныптың ұстаздары жиналған.
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, деп ұлы Абай айтқандай, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білетін мұғалімдер еңбегі шын мәнінде өлшеусіз. Ал ұлттық құндылығымызды сапалы біліммен байланыстыра білу нағыз еңбек. Осы орайда Алматыдағы №173 мектеп-лицейінің қабырғасында мазмұнды, мағыналы семинар өткізілді.
АРАЙ ҚАСЫМБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
ИНДИРА ТАЛҒАТҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР БОЙЫНША БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Мектеп директоры Ләйлә Байымбетованың айтуынша, енді ғана мектеп табалдырығын аттаған балаларға ұлттық құндылық ұстанымдары бастауыштан бастап бойларына сіңіріледі. Тіпті осы жұмысқа сай сапалы сабақ жобасы да жүзеге асырылған. Енді бұл бастаманың мазмұнын тереңдету үшін тәжірибе алмасу жайы да тереңдетілмек екен.
ЛӘЙЛӘ БАЙЫМБЕТОВА, №173 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Өңірлік семинарға келген ұстаздар бұл кездесуде тағлымы мол тәжірибе жинақтап, жүйелі жоспар жиегін кеңейтті. Шара барысында, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламалары да ұсынылды.