Дәстүрімізді дәріптеу арқылы ғылыми жаңашылдыққа ұмтылу, кезек күттірмейтін мәселе. Алматы облысында ашық аспан астында ерекше шара ұйымдастырылды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында ерекше форматта өткен халықаралық семинар-тренинг жергілікті тұрғындар мен білім беру саласының мамандарын біріктірген шара болды. «Ұлттық рух – білім негізі» және «Бір кесе самаурын шайы үстіндегі ойталқы» атты бұл игі бастама ашық аспан астында ұйымдастырылып, еркін әрі бейресми жағдайда өтті. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – ұлттық руханиятты біліммен ұштастыру, интерактивті әдістер арқылы оқытудың тиімділігін арттыру және ғылым мен білімді интеграциялау. Іс-шара World Cafe форматында ұйымдастырылды. Бұл әдіс қатысушылар арасында еркін пікір алмасуға және тәжірибе бөлісуге кең мүмкіндік берді.Таза ауада самаурынның шәйі,көмбе наннан дәм татып, сапалы білім,саналы тәрбиені қозғаған қонақтардың ішінде елімізге танымал Жоғарғы орындарының оқытушы құрамы,профессорлар қатысты.
ЗӘУРЕ БАДАНБЕКҚЫЗЫ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Семинардың ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Баданбекқызы Зәуре. Ол «Ғылым және білім беру интеграциясы: жоғары оқу орындарында World Cafe форматында интерактивті және зерттеу әдістерін енгізудің тиімділігі» атты ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады. Сонымен қатар профессор «Оқытудың жаңашыл әдістерін жетілдіру және білім беру үдерісіне енгізу» секциясына жетекшілік етеді.
СӘЛИАҚЫН КӘРІПБАЕВ PhD ДОКТОРЫ
ЗӘУРЕ БАДАНБЕКҚЫЗЫ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Аталған шара ауыл мен академиялық ортаның өзара ықпалдасуына жол ашып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, білім беру саласындағы тың әдістерді талқылауға зор үлес қосты.