Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық — зомбылық фактілерінің алдын алу, тұрмысы қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау, уақтылы шаралар қабылдау – бұл ведомствоаралық мобильді топтардың алдында тұрған негізгі міндет. Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ақуал туралы келесі бейне материалда.
Мобильді топтар өткен жылдың күзінде құрылды. Оларға жергілікті полиция қызметінің әртүрлі бөлімшелерінің және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері кіреді.Петропавлдағы жеке үйлердің біріне мобильді топ дәрігерлердің ақпараты бойынша келді. Мұнда кішкентай бала тұрады, ол дәрігердің бақылауына мұқтаж. Бірнеше рет дәрігердің қабылдауына келмеген —бұның себебі 24 жастағы әйелдің алкогольді шектен тыс асыра пайдалануына байланысты. Мобильді топ мүшелері тұрғын үй жағдайларын тексерді — оны қанағаттанарлық деп айту қиын. Отбасы бақылауға алынды.
АЛИНА РАМАЗАНОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ: «Қалалық полицейлер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мақсатында және Петропавл қалалық Полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған жағдайы нашар отбасыларға бару мақсатында рейд ұйымдастырды».
Учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция және әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп тәуекел тобына кіретін отбасыларды тексереді. Денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерінің ақпараты мұқият қаралады. Анықталған отбасылар бақылауға алынады, егер олар аз қамтылған деп танылса, тиісті органдар қолдау көрсетеді.
ТИМУР ГУСЕВ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ ИНЖЕНЕРІ: «Бүгін ПД-мен бірлесіп Петропавл қаласының жеке секторы бойынша профилактикалық рейд жүргізілді. Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері жылыту пештерін пайдалану жөнінде ұсыныстар берді, көміртегі тотығы датчиктері орнатылды».
Небәрі 4 айдың ішінде ведомствоаралық мобильді топтар кәмелетке толмаған балалары бар 1117 отбасын тексеріп, өмірлік қиын жағдайға тап болған және қолдауды қажет ететін 104 отбасын анықтады.