«Балақай, Жаңа Қазақстан деген - осы». Трактордың тіркемесінде отырған бір топ баланың әзіл шыны аралас мына видеосын Азаттық ақпарат порталы жариялады. Сайт жазған мәліметке сүйенсек,  11-ші сынып оқушылары ҰБТ тапсыру үшін Орал қаласына осылай баратын көрінеді. Бұл видео Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданындағы Мұратсай ауылында түсірілген. Аталған ауылдан Оралға дейінгі жол 18 шақырымды құрайды.

Балаларды  трассаға осылай жеткізеді екен. Айта кетейік, Бөкейорда ауданынан Оралға дейінгі жол 550 шақырымды құрайды. Бұл жағдайда қатысты өкілетті орган ешқандай пікір білдірмеді.