2023 жылы көптеген өлім жағдайларына дейін әкелген дауыл мен жер сілкінісі, су тасқыны мен өрт апаттары орын алды. Бірқатарына шолу жасасақ.

Ақпан айында Түркияның оңтүстік-шығысында тоғыз сағаттық аралықпен 7,8 және 7,5 балдық екі күшті жер сілкінісі болды. Түркияда 50 500-ден астам, Сирияда 8 400-ден астам адам қаза тауып, ондаған мыңнан астам адам жарақат алды.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін су тасқыны болып наурызда «Фредди» дауылынан Африкада 100-ден астам адам қаза тапты,. Сондай-ақ, Калифорнияны су басты. Сонымен қатар, АҚШ-тың он бір штатында болған ондаған торнадо салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тапты.

Камчаткада 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Кейін Шивелуч жанартауының атқылауы басталды.

Сәуір айында Үндістанда 30-ға жуық турист қар көшкіні астында қалған болатын. Ал мамыр айында Канадада орман өртіне байланысты 30 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан болған түтін АҚШ-тың бірнеше штатына жеткен еді.

Конго да су тасқыны болып,құрбандар саны 400 адамнан асты. Маусым айында Гавайиде Килауэа жанартауы қайтадан атқылай бастады. Ал шілдеде Перудағы ең белсенді жанартау Убинас оянып, күлді екі рет бес жарым шақырым биіктікке лақтырды.

Еуропа жазда от пен су тасқындарымен күресуді жалғастырды. Өрт Италия, Испания, Португалия, Албания, Түркия және Грецияның аймақтарын шарпыды. Дәл осы уақытта Словения мен Австрия, Болгария мен Түркия «Даниел» дауылы әкелген жойқын нөсерден зардап шекті.

Тамыз айында Гавайиде, негізінен Мауи аралында бірнеше өлімге әкелетін өрттер болды. Салдарынан Лахайна қаласында 145 адам қаза тапты.

Мароккода 6,8 балдық жер сілкінісі болды. 3 мыңға жуық адам қайтыс болды. Сол айда Ливияның шығысында жойқын су тасқыны болды. Су Дерна қаласының маңындағы бөгеттерді жарып өтіп, 2000-ға жуық адам қаза тапты.

Ауғанстанда қазан айында болған жер сілкінісінен 2400-ден астам адам қаза тапты. Сонымен қатар, Мексика тарихындағы ең күшті дауылдардың бірі атақты Акапулько курортын қираған күйде қалдырды.

Желтоқсан айында Қытайдың солтүстік-батысындағы 6,2 балдық жер сілкінісі салдарынан 110-нан астам адам қайтыс болды.