Синоптиктердің болжауынша, 17 мамыр күні Алматыда сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ыстық болады.Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті мынандай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
Тауға демалуға барғанда ашық от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды, бір желіге бірнеше электр құрылғыларды қоспауды, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;
Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмауға шақырды.
Осыған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында жаз айларына арналған ауа райы болжамын айтқан болатын.