Ел тарихындағы елеулі тұлғалардың ерлігі мен ұлтқа сіңірген еңбегі әрдайым құрметке лайық. Осындай ұлы тұлғалардың бірі – батыр, би, абыз Әлмерек Жаншықұлы. Оның ерлігі мен даналығы бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге. Осы орайда, оның есімін ұлықтап, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында республикалық волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Әлмерек Жаншықұлы (1658–1754) – қазақ халқының бірлігін бекемдеп, жаугершілік заманда ерлігімен танылған, бейбіт күнде ел билеген, сөз ұстаған шешен, абыз, көреген тұлға. Оның өмірі мен ерлігі жөніндегі деректер халық ауыз әдебиетінде, батырлық жырларда кеңінен сақталған. Ұлыларды ұлықтау бүгінгі буынның парызы. Валейболдан өтіп отырған турнир соның нақты көрінісінің бірі деуге болады. Шараны ұйымдастырушылар – «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Әлмерек» мәдени-тарихи қоры.
ЫСҚАҚ МОЛДАӘЛІМҰЛЫ «ӘЛМЕРЕК» МӘДЕНИ-ТАРИХИ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Турнирдің басты мақсаты – Әлмерек бабаның өнегелі өмірі мен рухани мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын қолдау, патриоттық тәрбиені күшейту, ұйымшылдықты арттыру, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын ояту.
БОЛАТ ҚҰРЫМБАЕВ «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» РПҚҚБ ТӨРАҒАСЫ
«Батырларды ұлықтау-тарихымызды ұмытпау» деп аталған республикалық турнирге қатысып тамаша ойын үлгісін көрсеткен командалар жастарға өнеге болар шараның көркін қыздырды. Ұйымдастырушылар жеңіс тұғырынан көрігендерді қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Алдағы уақыттары да салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық іс шаралар легін жалғастыруды жоспарлап отыр.