"

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде күйші, Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуовтың жеке кешеніндегі экспонаттар негізінде «КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ» көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Тарихымызда артына асыл  мұрасын қалдырған кемел күйші-композиторлар, дүлдүл домбырашылар өткені мәлім. Соның бірі,әрі бірегейі  Қали Жантілеуов.  

РАШИДА ЕРІМҚЫЗЫХАРИПОВА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: "Қали Жантілеуов атамыздың атына ұйымдастырылып отырған көрме мен кездесу кешінің де негізгі алдына қойған  мақсаты осы үлттық құндылықтарымызды, соның ішінде күй өнерін насихаттау. Жалпы орталық музейде Қали Жантілеуовтың 30-дан астам жеке тұтынған бұйымдары, фотосуреттері түпнұсқа сақталған".

Қали Жантілеуов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінде еңбек етіп, консерваторияда дәріс берген. Орталық музей директорының айтуынша, көрмеге сол кезеңдерді насихаттайтын негізгі фотоқұжаттар мен сахнада киген киімдері көрермен назарына ұсынып отыр.

МЕДЕТ ҚУАНЫШЕВ ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: "Енді Ахмет Жұбановтың өзі айтады ғой,Қали болмаса, Қалиді Халис деп атаған ғой, Халис болмаса Құрманғазының күйлері осы кезге жетпес еді және де Қали болмаса Құрманғазы қайда, Құрманғазының  адайы қайда деген сияқты әңгімелерді осы Ахмет Жұбановтың аузынан естіген адамдар  және ол кітаптың бетіне де түскен".