Алматы облысы,Райымбек ауданының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Кеңес үкіметі кезінде салынған Кеген-Нарынқол арасындағы күре жол биыл толық жөндеуден өтпек. Бұдан бөлек, ауданда қандай өзгерістер орын алуда, елді мекенннің тыныс тіршілігімен танысып қайтқан әріптесім Назерке Бекежан  толығырақ тарқатса.

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы Алматы облысының сұлу табиғатының аясында жайғасқан алтын бесік. 11 ауылдық округ, 20 елді мекен мен бар. Көпшілікті мазалайтын негізгі мәселе жол. Аудан әкімінің айтуынша, 2024 жылы  Кеген-Нарынқол жолының 15 шақырымы жасалынса, қалған 74 шақырымына қаражат бөлініп, «Қазавтожол» мекемесі көктемде  жөндеу жұмыстарын бастаған.

БЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «Жол жобасы енді бізде ауданымыз бойынша Республикалық маңызы бар жол Нарынқол мен Кегеннің арасын қатынайтын жол, 89 шақырым.Осы 89 шақырым тұрғындарды бірталай әбігерге түсірген жайы бар. Енді 2025 жылы 74 шақырым басталып, 2026 жылы аяқталады.7,5-8 млрд қаражат бөлінді осы жолға. Үлкен орташа жөндеу жұмыстары биылғы жылға жоспарланып, биыл басталса, 2026 жылы толыққанды кегенге дейін жеткізіп бәрін бітіріп берсенұр үстіне нұр болар еді, халықтың да қазір сұрап отырғаны осы».

Ауданға жасаған пресстур барысында «Алтын дән» тамшылатып суару жүйесінің жұмысымен танысып қайттық. Әр ауылдағы жекелеген шаруа қолжалықтары ұйымдаса отырып, бас біріктірген орталықтың құрылғанына үш жылдың жүзі болған. Қазіргі уақытта бұл жерде 28 адам жұмыс жасауда.

ДУЛАТ ҚҰЛМАМЫРОВ «АЛТЫН ДӘН» АУЫЛ ШАУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Егістік алқабы 2022 жылы 10 шаруақожалықтан құрылған, ауылшауашылық өндірістік  Алтын дән коперативінің 3000 гектар егіс алақабында тұрсыздар.Бұл жерлер біз құрылғалы бері багар болып есептелген, ешқандай суарылмаған, табиғаттың жаңбырына тәуелді болып, бидай егіп келген, бірақ мемлекеттің бағдарламасымен су үнемдеу технологиясына орай және жаңбырлатып суаруға байланысты жаңа технологияға мемлекеттен бөлінген субсидияның арқасында біз осы жерді барлығын суармалы жерге ауыстырып бүгінгі таңда жұмыс жасап  жатырмыз.  Қазіргі таңда, арттарыңызда көріп түрған жерде үлкен скважина бұрғыланып жатыр. 250 метр тереңдік жобаланған, ондай скважинадан төртеу есептелген осы 3000 гектар жерге».

Су тапшылығы еліміздің бір қатар өңірлерінде байқалып отыр.Соның бірі Райымбек ауданы.Мамандардың айтуынша шығымы мол,шығыны аз тамшылатып суару жүйесі шаруагерлердің жұмысын ширатуға пайдасын тигізбек.Картоп өндіру саласы бойынша да ілкімді істер байқалады. Аймақта 5 үлкен кооператив құрылып, техникалар жаңартылған.Облыс және аудан көлемінде азық-түліктің бағасын тұрақтандыру жолдары қарастырылып жатыр.   

САМАТ САТЫЛҒАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  «Өздеріңіз жақсы бідесіздер таулы өлкеде Райымбек ауданы,Алматы облысындағы ең шұрайлы жерлердің бірі болып саналады.Бүгінгі таңда 42000 гектар суармалы жер бар, егіс алқаптары бар, енді бұрынғы жылдары ауданымыз картоп өндіріумен бұрынғы одаққа белгілі болған аудандардың бірі болып саналады. Еуропадан атап айтқанда, Голандиядан біздің ауданға сорттардың бірнеше түрін әкеліп отырғызып жатырмыз.Былғырғы жылы 2250 гектарға картоп отырғызғанбыз, биылғы жылға тағы да одан арттыруды жоспарлап отырмыз».

Ауданда ауыл шаруашлығы өнімдерінің ілгері басуына ат салысып отырған тағы бір мекеменің бірі «Қарасай фуд» ЖШС. Сүт өнімдерін шығаратын зауытта отыздан астам адам жұмыс істейді. Зауыт басшысының сөзінше, сары майдың сапасына, дәміне қызыққан ресейліктерден сұраныс жоғары. Зауытта қазақтың ұлттық өнімі — жент, қатық, ірімшіктер дайындалады.

ЕРЖАН ЕРСІН ЗАУЫТТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: «Осы келген сүттен айранның 2 түрін, сүттің 2 түрін майлылығы-3,2-2,5, айран 3,2-2,5, қаймақтың 15-20 пайыздығы, сүзбе, қатық, май соларды өндіріп аламыз.жалпы саны 15 тонна продукцияны жан-жаққа бөлеміз, осы жерде құрт жасаймыз, тәулігіне 200-300 кг құрт кептіріп шығарамыз.   14 түрлі өнім шығарылады».

Болашақта Нарынқол ауылының сүт шаруашылығының дамуы үшін инновациялық технологияларды қолдану, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті тұрғындардың біліктілігін арттыру, және мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Бұл шаралар арқылы аймақта сүт өндірісін тиімді дамытып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға болады.