Үстіміздегі жылдың 4 қазанында қаза тапқан кәмелетке толмаған марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат өлі күйінде табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол үйінен түн ортасында жеке көлігімен әлдеқайда шығып кетіп, асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.Былтыр ғана шаңырақ көтерген марқұм өлер алдында туысқандарымен қоштасып, Шерзаттың жанына жерлеуді сұрап хат қалдырған. Қорғаушылар мұның барлығы тергеу барысында зерттелетінін жеткізді.
МАРАЛ ЖАЙЛАУБАЕВА АДВОКАТ
Жан ұшырып іздеген туыстары марқұмның көлігін зират басынан тапқан. Телефоны көліктің ішінде қалған екен. Марқұм Ш. Болаттың отбасы үйі өртенгеннен кейін, үнемі полиция қорғауында болған. Қорғау барысында отбасыға қандай да бір қауіп-қатер жасалғаны тіркелмеген. Ал облыстық полиция болса, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
БАҒДАТ ӘШІМОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ