Бүгін Алматыда «Қазақстанда сапалы денешынықтыру тәрбиесі саясатын ілгерілету» атты консультативтік кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асып отыр.
Кездесуде Алматы қаласының білім басқармасы,Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген қатысушылар сапалы дене тәрбиесі саласындағы саясат бойынша ЮНЕСКО әдіснамасымен танысты. Сондай-ақ «Қазақстандағы сапалы денешынықтыру тәрбиесі» жобасының ұлттық саясатын әзірлеу аясында аталмыш бағытты нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды.
ЗУХРА МЕЙІРХАНОВА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша педагогтар 38 жоғарғы оқу орындарында дайындалады. 2022-2023 оқу жылдарында мамандар даярлауға барлығы 297 грант,оның ішінде жоғарғаы біліммен даярлауға 250 грант,магистранттарды даярлауға 40,докторантураға 7 грант бөлінді».
Бұл сандардың құлаққа жағымды естілгенімен білім алып шыққан мамандардың жұмыс таппай сабылатыны жиында баса айтылды. Себеп, дене шынықтыру пәніне бөлінетін сағаттардың саны өте аз. Осының салдарынан оқушылар арасында артық салмақ,бойларының нормативке сай келмеу жағдайлары жиілеген. Дене шынықтыру және сауықтыру шеңберінде мектептен тыс Білім басқармасы тарапынан жүзеге асып жатқан үйірмелерде бар.
БАҚЫТЖАН БИЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Соңғы екі жылда мектеп секциялары мен үйірмелеріне қамтылған оқушылар саны 11 мыңға көбейді. 2022-2023 оқу жылында жүйелі түрде айналысатын оқушыларды қамту 24,3 пайызды құрады. Бес асық,асық ату, тоғызқұмалақтан ұлттық спорт түрлерінен қалалық фестиваль өткізіледі».
2025 жылға қарай мектептердегі спорттық секциялар санын арттыру,барлық мектеп жасындағы балалардың 50 пайызын қамту жоспарланып отыр. Дене шынықтыру пәнінің тұжырымдамалық негіздерін жаңалау,мазмұнын жаңарту қажеттілігі бүгін басты тақырып ретінде қаралды. Теориямен практиканың сәйкес келмеуі сынды мәселе көп. Дене шынықтыру пәнінен оқулықтың жоқ екендігі баса айтылып өтті. Білім алушылардың денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық және денешынықтыру тобына бөлетін арнайы оқу бағдарлама жоқ. Балалардың денсаулық жағдайына қарай әдістеме не тәжірибеден де хабарсызбыз.
ЗУХРА МЕЙІРХАНОВА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Кәзіргі уақытта спорт инфрақұрылымының сапасына және оның нормативті қаматамасыз етуде мониторинг жоқ. Сондай ақ спорт залында ашық ауада денешынықтыру сабақтарын өткізудің қауіпсіз ережелері мен санитарлық гигиеналық нормаларын жетілдіру қажет».
Бүгінгі іс шарада көптеген мәселелер айтылды. Дене шынықтыру пәнінің сапасын арттыруға,жеткіншектеріміздің дені сау болып қалыптасуларын бірлесіп шешуге қосатын үлесі көп.