"
Жаңа Қазақстанның болашағы – қазіргі уақыттағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Жасалып жатқан өзгерістер елді дамытуға, экономикасын көтеруге және жаңа мүмкіндіктерге үлкен жол ашпақ. Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты жобалармен толтыратындар – жастар болғандықтан олардың білім бәсекесіне бейімді болуы міндетті.Қалған мамандығын таңдап,келешекті кім болам деген стденттердің мерекелік шарасына назар аударсақ.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қашанда халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана.Сәт сайын тың технологиялар жаңарып отыратын заманда,тек білім мен ғылымды игерген жастар ғана бәсекеге төтеп бере алады.Осы тұста 30 жылдан астам білім саласында қызмет етіп келе жатқан «Қайнар» академиясының атқарып жатқан жұмысын ауыз толтырып айтуға болады. Халықаралық студенттер күніне орай,үлкен өмірге қадам басқан студенттердің құрметіне арнайы кеш ұйымдастырды.Онда жалынды жастардың армандары айтылып, Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалау,ортақ парыз екені айтылды.
АЙСҰЛУ ДЖАНЕГИЗОВА «ҚАЙНАР» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ
САНДУҒАШ ҚҰЛАНОВА «ҚАЙНАР» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОРЕКТОРЫ
Бүгінгі студент,келешек маман.Ұлтымыздың ұлы мұратын жалғастыратын да осы жастар.Бүгінде мемлекет тарапынан олардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Біз айтып отырған білім ошағы да,қолдан келер мүмкіндікті беруге тырысуда.
МУМИРА СІЛӘМБЕК ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
ӘЛИХАН ТАЛАПАЙ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
Академияның қоғамдық өміріне ат салысып,белсенді студент бола білген жастардың ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.