Ата Заңымыздың жаңа мәтінінде білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық берілуі – мемлекеттің даму бағытын түбегейлі жаңаша айқындайтын маңызды қадам. Бұл өзгеріс ел болашағы тек минералды ресурстар мен табиғи байлықтарға ғана сүйенбеуі керек екенін, керісінше адами капиталдың шешуші рөл атқаратынын айқын көрсетеді. Білімді, шығармашыл, ғылыми әлеуеті жоғары ұрпақ – кез келген елдің ең басты байлығы.
Ғылым мен инновацияны дамыту экономиканың тұрақты өсуіне, жаңа технологиялардың пайда болуына және жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің артуына жол ашады. Ал мәдениет – ұлттық бірегейлікті сақтап, рухани құндылықтарды нығайтатын негізгі тірек. Осы салалардың барлығының Ата Заң деңгейінде бекітілуі мемлекет тарапынан оларға деген жауапкершіліктің артқанын білдіреді.
Бұл бетбұрыс әрбір азаматқа өз қабілетін дамытуға, білім алуға және ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қоғамда әділеттілік, мүмкіндіктер теңдігі және болашаққа деген сенім нығаяды. Сондықтан жаңа Конституцияда адами капиталды басты құндылық ретінде тану – елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған стратегиялық әрі дұрыс шешім деп есептейміз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ассистент профессоры Ә.Ж. Әміров
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті А.А.Аккузова
