"

Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласының тұрғындары үшін өткен түн үрейге толы болды. Түнгі екілер шамасында тұрғындар  жергілікті аурухананың маңынан атыс дыбысын естиді. Кейін сол жерден 23 жастағы жігіттің өлі денесін тауып алған. Макинск қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің танысын атып өлтірген деген болжам бар. Қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Оқиға орнынан ізін жасырғанымен қоймай, өлтірген адамының «Тойота Ланд Крузер Прадо 150» автокөлігін мініп кеткен.

ГҮЛНӘР ПИНЧУК АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Күдіктіні полицейлер Сандықтау ауданының бір ауылынан тапты. Сол ауылда оның туысқаны тұрады. Аудан аумағынан мініп кеткен көлік пен суық қару да тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабы, 1-ші тармағына сәйкес кісі өлтіру бойынша ұсталған күдіктінің не үшін осындай аса ауыр қылмысқа барғанын анықтап жатыр».