Астанадағы Азық-түлік корпорациясының қаржы директоры мен онда жұмыс істейтін маманы сотталды. Олар кәсіпкерден құжат жинауға және астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектесіп, заңсыз пара алған. Алайда екеуі де тек айыппұлмен құтылатын болды. Олар мемлекет есебіне жалпы сомасы 48 млн теңгені төлеуі керек. Егер, айыппұл белгіленген мерзімде төленбейтін болса, жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Азық-түлік корпорациясының қаржы директоры мен онда жұмыс істейтін маманы сотталды
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 217