Алматыда қылмыс деңгейі барлық бағыт бойынша төмендеді. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, шаһардағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда. Ауыр және аса ауыр қылмыс түрі азайған. Мәселен, кісі өлтіру 48,9%-ға, тонау 2,4 есе, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 18,1%-ға, зорлау 27,1%-ға, интернеттегі алаяқтық 1,5 пайызға төмендеген. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін мегаполисте күніне 2500 полиция қызметкері жұмылдырылады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Бір аптаның ішінде алматылық полицейлер 192 қылмыстың ізін суытпай ашты. Оның 28-і қоғамдық орында болған. Сонымен қатар, бұрын жасалған 90 қылмыс ашылды.Іздеуде жүрген қылмыскерлерді қолға түсірді».