"
Адам өміріндегі маңызды шешімдердің бірі – мамандық таңдау. Өмір жолын дұрыс бағыттап, армандарға жетелейтін де, керісінше, қателікке ұрындырса, өкініш әкелетін де осы таңдау. Сондықтан әрбір жас өзінің болашағына үлкен жауапкершілікпен қарап, жүрек қалауына сай, қабілетіне үйлесетін салаға ден қойғаны дұрыс.Алматыда айтулы мәселеге байланысты мамандық таңдау жәрмеңкесі орын алған болатын.
Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты №94 жалпы білім беретін мектептің базасында оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында “Менің мамандығым – менің болашағым” атты мамандық таңдау жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – барлық колледждер қатысты. Әрбір оқу орны өздерінің білім беру бағдарламаларын, оқу бағыттарын, мамандық түрлерін таныстырып, жастарға кәсіптік кеңес берді.
АЙГҮЛ ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жәрмеңке барысында колледж өкілдері оқушылар мен ата-аналарға оқу мерзімі, қабылдау талаптары, қосымша мүмкіндіктер туралы толық ақпарат ұсынып, кәсіптік бағдар берудің маңыздылығына тоқталды.
АРУЖАН АЗАМАТҚЫЗЫ №1 АҚГПК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ
Мамандық – тек күнкөріс көзі ғана емес, адамның өзін-өзі табуының, дамуының басты жолы. Сүйікті ісімен айналысатын адам ешқашан жалықпайды, қиындықтарға мойымайды, әр күнін шабытпен өткізеді.
АЙГҮЛ ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
АЙНҰР ОМАРХАНОВА АТА-АНА
Мамандық таңдау жәрмеңкесі – жас ұрпақтың кәсіби болашағын айқындауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Себебі еңбек нарығында қажетті маман иесі болу – табысты болашағыңның кепілі.