Білікті маман практикалық тұрғыда шыңдалады.Алматыда Оқу-ағарту министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Халықаралық құзіреттілік орталығы ашылды.Енді студенттер жұмыс беруші компанияларымен бірлесіп,өздерінің тәжірибиелерін шыңдамақ.

Президенттің тапсырмасы аясында кәсіптік бағытта білім беретін оқу ордалары жаңа технологияларымен жабдықталып, мол тәжірибие жинауға бет бұра бастады.Алматы қаласындағы Құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің базасында ашылып отырған орталық соның куәсі десекте болады. Елімізге танымал компания өкілдері мекеменің сапалы ілім беруіне жағдай жасап отыр.Қаражат құйып,технологиясын жаңартып отыр.

КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АҚХКК ДИРЕКТОРЫ

Айтулы орталықтың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары,білім мекемелерінің басшылары,студенттер және жетекші кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Біліктілікті арттыруға таптырмайтын бағыт екенін айтып,көпшілікке үлгі болса деген ниеттерін сөз етті. 

ЕВГЕНИЙ ВОЙЛОВ «ТЕХНОНИКОЛЬ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Біз Қазақстанда құрылыс саласы бойынша екі зауыт салып жатырмыз.Бүгінгі ашылып отырған орталықпен не байланыстырады деп ойласаңыздар,біздер студенттерді практикалық тұрғыдан шыңдауға қол ұшымызды беретін боламыз. Көзі мен көріп,қолымен ұстаған жастар,нағыз маман болып қалыптасары сөзсіз.Алдағы уақытта нәтежиесін бірге көретін боламыз».

Елімізде кәсіпорындардың ашылуы салықтың өсуіне ғана пайдасын тигізбейді, көптеген жұмыс орындарының ашылуына ықпалы болады. Оған өз алдына сапалы білім алып қалыптасқан жас мамандардың қатарға қосылары сөзсіз.