"

Алматыда қала күніне орай кітап фестивалі өтті. Оған 50-ден астам баспа қатысты. Мереке аясында түрлі акциялар, сондай ақ жазушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Биыл қала күніне тұспа-тұс келген Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы: «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер», деп аталды. Осымен 9-шы рет ұйымдастырылып отырған шараға 20 мыңға жуық оқырман қатысты. Олар кітап авторларымен кездесіп, пікір алмасып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жобаның мақсаты - кітаптың, мәдениет пен білімнің маңызын арттыру, қазақстандық жазушылар мен олардың әдеби шығармаларын насихаттауға жәрдемдесу, халықты оқуға тарту.

ҒАНИ МАЙЛЫБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Фестивалде кітап сүйер қауым үшін ауқымды бағдарлама дайындады: отандық жазушылар жаңа кітаптарын таныстырды. «Оффлайн кітаптар туралы» танымал жазушылар, қоғам қайраткерлері мен блогерлер пікір алмасты. Алматылықтарға иллюстрацияланған кітап көрмесі, шеберлік сыныптары, түрлі байқаулар мен акциялар, Қазақстанның ірі баспалары мен кітап дүкендерінің жәрмеңкесі ұсынылды.

БАҚЫТ БАЙТІБАЕВА АУДАРМАШЫ, РЕДАКТОР

Баспагерлер және кітап дүкендері өз өнімдерін көрмеде 30% - ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Оған 50-ден астам кітап дүкендері мен баспа қатысты. Сонымен қатар, әр түрлі жанрдағы 5000 кітап тегін таратылды.