Алматыда қалқанша безінің түйіндік түзілімдерін емдеудің бірегей инновациялық әдістері енгізілуде. Аталмыш тәсілді Кардиология және ішкі аурулар Ғылыми Зерттеу Институты жүзеге асырып отыр.Бүгін бас қаламыздан арнайы келген білікті  интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев мастер-класс өткізді.

Қалқанша безінің түйіндік түзілімдері,жалпыға ортақ түсінікпен айтқанда зоб ауруы, көпшілікті мазалап жүрген дерттің бірі. Оның сатылық дейгейіне қарай түрлері көп.  Қарапайымын дәрі-дәрмек арқылы емдеуге болса, күрделі түрін ота жасау арқылы тоқтатуға болады. Отандық медицина,отаның оңай жолына қадам басып отыр. Ол 
радиожиілікті аблация жүйесі арқылы пышақ тигізбей емдеу. Аз инвазивті операцияны қажет еткен екі науқасқа Астана қаласынан арнайы келген интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев жасады.

НИЯЗ МАЛАЕВ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ ОНКОРАДИОЛОГ ДӘРІГЕРІ: «Радиожиілікті аблация - ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Оның мақсаты - ісікті толығымен жою, осы әсердің нәтижесінде қалқанша без түйіндерінің патологиялық жасушалары жойылады, бездің сау тіндері зақымдалмайды. Бұл әдіс қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық алып тастауға  тамаша балама болып табылады».

Оңтүстік астанамыздағы Кардиология және ішкі аурулар институты емге дәру іздеген қазақстандықтарға қолдан келгенше қолдауын көрсетіп келеді. Соның бірі өздеріңіз көріп отырған қалқанша безінің түйіндерін хирургиялық жолмен алып тастау тәсілі.Институт басшылығының айтуынша енді Алматылық ақ халаттылар айтулы дертпен күресуге тас түйін дайын болмақ.

МАРАТ ПАШИМОВ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Біздің клиникада терапиялық бейіндегі пациенттер, соның ішінде қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және т.б. науқастарға медициналық көмек көрсетіледі. Қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің бірегей, аз инвазивті әдісі - радиожиілікті аблацияны енгізу біздің пациенттерге хирургиялық араласусыз  қалқанша безінің түйіндік түзілімдерінен арылуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біз Астана қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігері, әріптесіміз Нияз Бейсенұлына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз».

Осы уақытқа дейін Қазақстанда қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін хирургиялық алып тастауды қамтитын стандартты терапия қолданылған. Қалқанша безін аблациялау процедурасын пациенттер жақсы өткереді және шамамен 30 минуттай уақытты алады. Процедурадан кейін шамалы ауырсынудың пайда болуы қосымша ауырсынуды басуды қажет етпейді. Өйткені радиожиілікті аблация қауіпсіз болып табылады. 

ЛАУРА ДАНИЯРОВА КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ ЭНДОКРИНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Қалқанша безінің түйіндік ауруының пайда болу жолдарының бірі йод жетіспеушілігі факторынан,екіншіден тұқым қуалау арқылы берілуі мүмкін.Симптомдарына келер болсақ, түйіннің көлеміне және оның орналасуына байланысты: косметикалық ақау, тыныс алу мен жұтудың қиындауы, тамақ ішу кезінде ыңғайсыздық сезіну, дауыстың өзгеруі арқылы сезіледі. Дей тұрғанмен медицина дамыған, күрделі оталар жасалып жатыр. Сондай-ақ тиімді тәсілдер де жүзеге асады. Соның бірі бүгінгі ота деуге болады».

Білікті маман Нияз Малаев қол ұшын берген  екі науқасқа да уытты емес бір түйінді зоб диагнозы қойылған - бұл функцияның бұзылуынсыз қалқанша безінің қатерсіз патологиясы. Пациенттер, ақ халатты абзал жандардың дер кезінде қол ұшын бергені үшін, алғыстары шексіз.

АЙДЫН ТӨРЕХАНОВА НАУҚАС