БАӘ-дегі ғаламшардағы ең үлкен «Мейдан» ипподромында Аль-Мактум Челендж бас бәйгесінде топ жарған 4 жасар асыл тұқымды Кабирхан айғыры жаңа жылды жағымды жаңалықпен бастап, елімізге үлкен жеңіс пен қуаныш алып келген болатын. Бүгін Алматыда 100 жылда 1 туатын жүйрік тұлпардың иесі Тілек Мұқанбетқалиевпен кездесу ұйымдастырылды.
"Жақсы атты тай жағалайды" демекші, БАӘ-де көк туымызды желбіретіп, қазақ елін қуантқан асыл тұқымды Кабирханның жеңісін әлеуметтік желіде шулатып, ортақ жеңіске қуанып жатқан қазақ халқымыз әлі де тойлауда. Әлемдегі ең беделді жарыстан баптаған атың жүлделі орын алып келсе, қай атбегінің болмасын арманын асқақтатпай қоймас.
ТІЛЕК МҰҚАНБЕТҚАЛИЕВ КАБИРХАННЫҢ ИЕСІ:"Енді біздер жылқыға жақынбыз. Біріншіден,Аллаға сендік. Екіншіден, бүкіл қазақ елі дұғалар оқыды, бәрі қолдады, өзімде қолдадым. Соның бәрінің арқасында біз жеңіске жеттік".
Кабирхан таза ағылшын тұқымынан шыққан. Әкесі -Колифорния Хром, анасы - Литлл Эмили. Әкесінің өзі АҚШ-ғы бірнеше жарыстарының жеңімпазы болған. Содан болу керек, бапкерлердің айтуынша Кабирхан қатты жылдамдықпен шапқанды жақсы көреді және әркез жеңіске ұмтылады. Қазақстанға 2 жасында әкелінсе де өзінің ептілігін көрсетіп, талай жеңістерден жүлделі орынмен оралған. Оның бұл жеңістері елiмiздiң барша шабандоздарына олардың әрқайсысының биiкке жете алатынын көрсеттi және Қазақстанда ат жарысын дамытуға шабыттандырады! Дей тұрғанмен, ат иесінің сөзінше қазақ жылқылары бұндай жарыстарға жарамайды.
ТІЛЕК МҰҚАНБЕТҚАЛИЕВ КАБИРХАННЫҢ ИЕСІ: "Әрине, Кабирханның ұтысы үлкен итеріс болды. Басқа атбегілер де аттарын Дубайға апарғысы келеді. Олардың ішінен екінші, үшінші Кабирхандар шығуы мүмкін. Ондай үміттер бар. Ең дүние де жылдам жарысқа қатысатын ол - ағылшын тұқымы. Сондықтан, сіздер сұрақ қойып жатқан қазақи, араб жылқылар салынбайды. Ең мықты әрі жылдам жүрістісі тек ағылшын тұқымында".
Еске сала кетейік, 30 наурызда Дубайда әлем кубогының басты жарысы басталмақ. Дубай кубогының жүлде қоры 12 000 000 АҚШ долларын құрайды. Жарысқа дайындық қызу жүруде. Алшымыз оңынан түсіп, айғырымыз тағы да бір мәрте топ жарса әлемдегі 15 жылқының қатарына ілінбек!