Алматы облысында қазақ күресінен «Алатау арланы» турнирі өтті. 9 аудан мен Қонаев қаласынан 28 балуан қатысқан аймақтық жарыс, Астана күніне орай елордада өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу кезең болып табылады. Боз кілемде білек сыбасқан палуандар сайысына арнамызда қатысып қайтқан еді.

Жарыста  танымал турнирдің облыстық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 28 палуан «Alatau Arlans -2024» алтын белбеуін сарапқа салды. Дәстүр бойынша жарыстың салтанатты түрде шымылдығы түріліп,ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар облыс чемпионатының барлық қатысушыларына сәттілік тіледі. 

ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ

Әр ауданның бетке ұстар палуандары бүгін жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салады деп ойлаймын», - деді өз сөзінде жарыстың бас төрешісі Қапар Рауанов. Қазақтың ұлттық күресінің дамуына зор үлестерін қосып жатқан ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

ҚАПАР РАУАНОВ БАС ТӨРЕШІ
 
Облыс біріншілігінің чемпионы Мәди Еділбаев «алтын белбеу» иегері атанып, 5 миллион теңге ақшалай сыйлықпен,  күміс жүлдегер Оріс Адибан 1 000 000 теңге  ақшалай сыйлықтармен  марапатталды. Сонымен қатар екі палуан шілде айында Астанада өтетін финалға жолдама алды.