«Алматы тазалық» мекемесінің жұмысшылары айлықтарын алалап отырған басшылықтың әрекетіне наразылық білдірді. Бір емес бірнеше адам жиналып,анығын білуге тырысты. Арнамыздан көмек сұраған болатын.

Қыстың күні қырауда қар күреп,жаздың аптап ыстығында көше тазалайтын бұл азаматтардың еңбегі адал. Топтасып жиналып жатқан «Алматы тазалық» мекемесінің жұмысшылары айлықтарын алалап отырған басшылықтың әрекетіне күйініп болған. Онсыз да айлығымыз,шәйлығымызға жарамай отырғанда, жалақымызды тағы да мандытпады деп ашынды.

Жұмысшылардың айтуынша мекемеде айлықтан бөлек, шешіп беруді қажет ететін мәселе шаш етектен көрінеді.Үстілеріне киетін формаларының да жыры бөлек.

Қымбатшылық қалтаны қағып отырғанда, қарапайым жұмысшылардың жалақыларын жырымдаған «Алматы тазалық» мекемесінің бұл әрекетін басшылығынан білмек болдық. Ашуланған ағайын,директордың орынбасарын сұрақтың астына алды.

Жалақы жырына арналған жиын бірнеше уақытқа созылды.Мекеме басшылығы жұмысшылардың айлықтарын не үшін кескенін нақты түсіндіре алмады.

Осылайша қарапайым жұмысшылар өздерінің мәселесін төтесінен қойды. «Алматы тазалық» мекемесі басшысының орынбасары телеарнаның түсірілім тобына барлығын байыппен қарап,мәселені шешіп беруге уәдесін берді.

НҰРЛАН ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ «АЛМАТЫ ТАЗАЛЫҚ» ШЖҚ МКК БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ