Ауыл – қазақтың күретамыры. Бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің, ұлт руханиятының, қазақы тәрбиенің қайнар көзі. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры да ауылдарымызда сақталып келеді. Бүгінде өркендеп, дамып келе жатқан ауылдар аз емес. Себебі елімізде ауылды өркендетуге, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар, мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, өзінің оң нәтижесін беруде. Соның бірі Алматы облысы іле ауданына қарасты Күрті ауылдық округі.  

Тарихы тереңнен сыр шертіп, батыр бабалар мен әулие абыздардың ізі қалған килі өлке Күрті  ауданының іргесі 1970 жылдарың басында қалған болатын.Оның өз алдына өлке болып,аяғынан тұруына сол кездері еңбек еткен ел ағалары тер төкті. Бүгінде құт дарыған Ақшидің ажары басқа, халықтың еңсесі тіктелген жүздері жайдары. Күртіден кіндік қаны тамып, сағынышын әнге қоспаған өнерпаздардары да жоқ емес. Тұнып тұрған дарынды өлке десек артық айтқандық емес. Мемлекет және қоғам қайраткері Серік Үмбетов бастаған азаматтар ауылдың халқымен жүздесіп, ауданның өркендету жолындағы табанды еңбектерді еске алысып,сағыныштарын басып қайтты. Ел амандығын тілесіп, негізгі күштің бірлікте екендігін алға тартып жатты.

СЕРІК ҮМБЕТОВ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Күртінің киелі жері нуы мен суын, халқымен бірлігін жырлаған тамаша мерекелік шара ұйымдастырылды.Концерттік шара «Ауылға сағыныш» деп аталды.Ауылдық ағайындарды «Сүйінбай сазы» Халықтық, фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары өнерімен тәнтті етті.

ЫЗҒАРБЕК БЕКТҰРСЫНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ауылдың түтіні түзу шықса,одан артық бақыт жоқ қазаққа. Дәл осы сипатта дамып келе жатқан Ақши елдімекені. Аға буынның салып берген сара жолынан таймаған аймақтың болашағы бар.Мұнда «Сыдық бекет» шаруа қожалығы бастаған үлкен жұмыс орындары ашылып,елдің игілігіне қызмет жасап отырған жайлары бар.

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ КҮРТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ