Ертең ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күні. Осыған орай білім ордаларында жыр онкүндіктері өтуде.Хан -Тәңірінен түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағалидың мұрасын дәріптеу мақсатында өткен шараға қатысып қайтқан едік.

Бүгін менің туған күнім ой, пәлі- ай,мына халқым неге жатыр тойламай деп артына өшпес мұра қалдырып кеткен ақиық ақынның туылған күнін қалайша тойламасын бүгінгі ұрпақ. Мұқағали әлемінен сусындап,шығармаларын  өскелең ұрпақтың  қанына сіңдіріп, тіліне,Отанына деген сүйіспеншілігін оятуда бүгінгі шараның маңызы ерекше.

РУФИНАТ ӘЛДІҚАЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №108 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Құндылығын уақыт бағалап жатқан ақын шығармаларын келер ұрпаққа тәлім-тәрбие құралы ретінде енгізуіміз керек деді шараға арнайы келген Шаяхмет Имашев ағамыз.

ШАЯХМЕТ ИМАШЕВ МҰҚАҒАЛИТАНУШЫ, АКТЕР