Ақтау қаласындағы көлік дөңгелегін жөндейтін орталықта өрт шықты. Оқиға шамамен кеше кешкі уақыттарда орын алған. Салдарынан көршілес Өзбекстан елінің екі азаматы зардап шегіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
САМАЛБЕК ЖҰМАҒҰЛОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: «Екеуіде қызыл аймақ деңгейінде қаралды дәрігерлерге, екеуінде күйік шалған. Бір науқас 24 жастағы науқас, бір науқас 33 жастағы. 24 жастағы науқастың жағдайы өте ауыр. Тыныс алу жолдары күйген. 2-ші, 3-ші АБ дәрежелі күйікті алған. Енді оның пайызын есептеген 70% плюс дыхательный путь. Ал екінші 33 жаста, беті күйген, мойын, кеуде, арқасы және саны, қолы күйген. Ол кісі де 2,3 АБ дәреже күйік шалған. Күйіктің көлемі 55-60%».
Айта кетейік, құтқарушылар өртенген жұмыс орнынан 40 литр газ баллондарын тасаға алып шыққан. Өрттің неден болғаны белгісіз, анықталуда.