Буллинг жас талғамайды. Кез келген адам буллингке ұшырауы мүмкін.Қоғамның дертіне айналған мәселені мамандар жанжақты зерттеп жатыр.Өйткені айтулы мәселеге көбіне мектеп жасындағы балалар да тап болуда. Оқу-ғарту министрлігі бұл жағдаймен күресу үшін кешенді бағдарлама қажет екенін алға тартқан болатын. 

Статистикалық мәлімет бойынша Қазақстанда әрбір бесінші бала буллингке ұшырайды.Буллингке тап болған баланың мінез-құлқы өзгеріп, қызығушылығы жоғала бастайды, тұйықталады. Бала стрессте жүреді.Бүгінде мектеп ішінда арнайы психолог мамандар жұмыс жасайды,олар оқушының жүріс-тұрысын бақылауда ұстап,баланың проблемасына үңілуге тырысады. Орта білім жүйесінде өзекті мәселенің көптігін айтқан Оқу-ағарту вице-министрі Алматы облысы Қарасай ауданының ұстаздары және ата-аналарымен жүздесті. 

ЕДІЛ ОСПАН ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асып келеді. Бұл өз кезегінде  үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешуге, білім ошақтарын заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықтауға септігін тигізбек.

ҚОРЛАН ТҰРСЫНОВА ҚАСКЕЛЕҢ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қаскелең қаласында салынған жаңа мектепте 1375 бала білім алуда. Мұнда бала қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі.Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес түрлі жағдаймен үлгерімі төмендеп қалған оқушыларға қосымша білім беру мақсатында жазғы мектеп жобасы жүзеге асуда. 

ҚОРЛАН ТҰРСЫНОВА ҚАСКЕЛЕҢ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ