Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдаратыны сөзсіз. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Бұл,Алматы облысына қарасты Балқаш аудандық мектеп-интернатының оқушылары. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған отбасының және жеке шаруашылықтарда малшы болып еңбек етіп жатқан ата-аналардың балалары білім алуда. Мемлекет тарапынан жастардың алаңсыз ілім алуына барлық жағдай жасалған.117 бала тегін жатақхана,тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

ГҮЛНАР МУКУМОВА, БАҚАНАС МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді. Қайырымдылық күнінің құрметіне орай, «Балқаш» жолдауры мекемесінің басшылығы және  мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесінің төрағасы,ауданның құрметті азаматы Нарымбет Тұлғабайұлының қолдауымен ерекше шара орын алды. Ұлыстың ұлы күні,қасиетті рамазан айына тұспатұс келгендіктен ақ дастархан жайылып,ауыз ашар ұйымдастырылды.

АСҚАР ИБРАЕВ, «БАЛҚАШ ЖОЛДАРЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

ДИНАРА АҚМОЛДАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Шараға арнайы шақыртылған елімізге танымал өнер иелері,балаларға ұлттық боямасы бар әндерін шырқап,көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

САПАРҒАЛИ СӘТПАЕВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ