Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында газ құбыры жарылды. Ақау магистральді газ құбырында болған. Нәтижесі жарылысқа ұласқан. Өрт салдарынан жақын маңдағы "Komatsu" маркалы экскаватор өртенді. Төтенше Жағдайлар Департаментінің өртке қарсы қызметі келгенге дейін газдың шығуы тоқтатылды. Жану алаңы 50 шаршы метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға 18-ші наурыз күні сағат 23:00-де тіркелді. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтауда. 

ЕРЖАН ЛЕПЕСОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ТЖБ БАСТЫҒЫ