Көріпкел ол кешке оянады деді. Бишімбаев Салтанат есін жимаған соң көріпкелге қоңырау шалғанын айтты. Соған сеніп, кешке дейін оянуын күттім дейді. Қоғамдық резонанс тудырған экс-шенеуніктің соты бүгін Астанада қайта жалғасты. Сотта күдіктіден жауап алынды.
Бүгін сотта Бишімбаев Салтанатпен болған соңғы әңгімесі туралы баяндады. Марқұмның қалай соққы алғанын, араларында жанжал неден туындағанын айтты. Күдіктінің нұсқасы бойынша олар сол күні концертке барған. Бірақ, соңына дейін отырмай, екеуі болмашыға сөзге келіп, кетіп қалған. Салтанат киім ілген ілгіштің нөмірін жоғалтып алып, сырт киімін кимей ашуланып далаға шығып кетті. Сондықтан, мен ініме хабарласып Қазақстан концерт залынан оның сырт киімін алып кетуін өтіндім дейді. Содан жанжал ары қарай мейрамханада жалғасты, өзі менің жағамнан алды. Ашуға булыққан мен оны шапалақпен тартып жібергенім рас, алайда қасақана адам өлтірмедім деді.
ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ КҮДІКТІ: «Салтанат тепе-теңдігін жоғалтып, дәретханаға қарай құлай бастады. Ол қабырғаға соғылды, ұшып түсті, қабырға оң жақта еді. Құлап бара жатқанда қолымен итеріліп, бетімен дәретханаға құлап түсті. Соққы өте қатты болды, бах еткен дауыс шықты да, дәретханаға беті солқ етіп құлап, одан ары еденге құлап түсті».
Жедел-жәрдем шақыртайын ба деген сауалыма ол жауап бермеді дейді. Айтуынша, сондықтан көріпкелге хабарласқан. Ол кешке қарай оянады деп сендірген. Содан дем алып алуын күттім деп әңгімесін осы сарында жалғасытырып жатқанда жәбірленшуші тарап Салтанаттың ағасының денсаулығы сыр беріп, сот 10 минутқа үзіліс жариялады.Сот отырысы түстен кейін қайта жалғасты. Онда прокурор марқұмның ұялы телефонын да айғақ ретінде пайдалаунды ұсынды. Айта кетейік, экс-министр өз әйелін өлтірді деген күдікпен тергеліп жатыр.