Биыл Маңғыстауда республикалық маңызға ие жолдардың 165,2 шақырымына жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы жол активтерінің сапасының ұлттық орталығының директоры мәлімдеді. Аймақта жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 3063 шақырымды құрайды. Ал, 1013 шақырымы республикалық маңыздағы жол.
Маңғыстаудағы облыстық және аудандық маңызы бар 6 шақырым жол қайта жаңғыртылады. 76 шақырым жолда құрылыс жүргізілсе, тағы 96 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Ұлттық сапа мамандары осылай деп мәлімдеді. Бұдан бөлек күрделі жөндеуді қажет ететін тас жол тағы бар.
ХАМЗАТ СҰЛТАНОВ «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ САПАСЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» РМК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Соның ішінде жалып ұзындығы 64 шақырымды күрделі жөндеуден, ұзындығы 101 шақырым болатын орташа жөндеуден және жалпы ұзындығы 847 шақырымнан асатын 4 автомобиль жолын күтіп ұстау жұмыстары атқарылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда осы 6 нысанда жұмыс жүріп жатыр. Жасалған келісім шарт негізінде жөндеуден өтетін барлық нысан тексеру жұмыстарымен толық қамтылады».
Жыл басынан бері «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері облыстағы жолдардан 1334 сынама алған. 218 сынама нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келмеген. Ал жылжымалы жол зертханасымен 797 шақырым жолға диагностикалау және аспаптық тексеру жүргізілген.
ГАУХАР ЧУХРУКИДЗЕ «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ САПАСЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» РМК МО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:
«Диагностикалау дегеніміз - автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану күйін қадағалау деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда MetroCaunt автоматты құрылғысы арқылы көлік қозғалысы қарқындылығын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кету керек, ұлттық жол сапа орталығының мамандары жол құрылысы материалдарын қолданбас бұрын оның сапасына талдау жүргізеді. Мәселен, «CASPI BITUM» компаниясымен биыл келісімшарт жасақталды. Соған сәйкес, ай сайын битум сынамасын сараптамадан өткізудеміз. Бүгінге дейін барлығы 6 сынама алынып, 5 сынақ нәтижесі берілді. Тағы 1 сынама сынақтан өткізілуде».
Айта кетейік, өңірде 1 маусымнан 31 тамыз аралығында күндізгі 10:00-ден, кешкі 22:00-ге дейінгі аралықта ауа температурасы 25 градустан жоғары кезде жүктемесі 8 тоннадан артық автокөліктер қозғалысына шектеу енгізілген. Алайда бұған қарамастан заңбұзушылық деректер азаймай тұр. Мәселен, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында өңірдегі жолдарда көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен бақылау шарасы жүріп, 300-ден аса жүк көлігі тоқтатылған.
Биыл Маңғыстауда республикалық маңызға ие жолдардың 165,2 шақырымына жөндеу жүргізіледі
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 406