"

Оқушының жүріс-тұрысы мен сабағына ұстаздар ғана жауап беруге міндетті емес.Бала тәрбиесі ең алдымен әр отбасынан басталуы тиіс. Бүгінде атылмыш мәселеге ерекше көңіл бөліне бастады.Өйткені жастардың арасында түрлі жағдайлардың орын алуы жиілеп барады. Кезкелген жағдайды алдын-алу арқылы тоқтатуға болатынын ескерсек, ата-ананың тәрбиесінен асқан құндылық жоқ екенін түсінеміз.Осы мақсатта білім ошақтарында әкелер мектебі жұмыс жасай бастады.

МАДИЯР АЗАНБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ № 13 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Бала тәрбиесі ортақ мәселе болғандықтан мектеп қабырғасында әкелер аптасына үш мәрте кездесу шараларын өткізеді.Онда балаларды өнерге баулу мақсатында тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізеді. Ер балаға тән қасиеттерді бойларына сіңіруге тырысады.

ҚАСЫМЖАН СОПИЕВ ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ