Батыс Қазақстан облысында адал ақша тауып, нәпақасын тауып жүрген саудагерлер мен білім алып жатқан жастардың ақшасын тонаған қылмыстық топ ұсталды. Әзірге тәртіп сақшыларының құрығына 4 әккі ұры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың барлығы студенттер. Қазір айтулы мәселеге қатысты тергеу жұмыстары мен іздестіру шаралары басталды.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ