БҚО-да су тасқынынан баспанасыз қалған отбасыларға пәтер беріле бастады.Кейбір елдімекендерде тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.Бәйтерек ауданының Достық ауылында бірнеше отбасының баспанасын су басқан.Оның біріне мемлекет тарапынан пәтер сатып алыныпты.
Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғыны Ақмарал Сламғалиқызы - су тасқынынан зардап шеккен отбасының бірі.Алты жыл құтты қоныс болған басыбайлы баспанасын су шайып кеткен.Бір күнде шаңырағы мен мал-мүлкінен айырылған жанұя уақытша қауіпсіз жерге орналастырылған. Арнайы комиссия тиісті жұмыстар жүргізіп, баспананы тұруға жарамсыз деген шешім шығарған.Құжаттар реттеліп, көп кешікпей мемлекет тарапынан зәулім үйдің қожайыны атанды.Немерелері жаңа үйде асыр салып ойнап жүр.
АҚМАРАЛ СЛАМҒАЛИҚЫЗЫ ДОСТЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тасқын кезінде Достық ауылындағы 2 үйді су басқан.Ауыл азаматтары мен төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері күш біріктіріп,20 үйді қызыл судан аман алып қалған.Су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығындарды жою жөніндегі комиссия үйлерге техникалық тексеріс жүргізуде. Зардап шеккен отбасылар материалдық көмекпен қамтылған.
ЗӘУРЕ БАЙКЕНОВА ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Әкімдік өкілінің айтуынша, жалғыз тұрғылықты мекенін су басқан екінші отбасының баспанасын күрделі жөндеу таяу күндері басталмақ.