БҚО-да 147 елдімекенді су басуы мүмкін. Халқына қауіп төнген бұл ауылдар ерекше бақылауға алыныпты. Өйткені топырақ қабатындағы ылғал көлемі көпжылдық орташа көрсеткіштен 133% жоғары екен. Бұл аздай 50-ге жуық жолды су шайып кету қаупі бар. Ауа райы күрт жылынса Шыңғырлау, Шаған, Өлеңті, Шідерті, Деркөл, Чижа-2 өзендері арнасынан тасуы мүмкін.

Облысқа қарасты су қоймаларының жағдайы мәз емес. Деркөл, Өлеңті, Шідерті өзендеріндегі ылғал қоры жылдағыдан екі еседей көп,-дейді төтеншеліктер. Қыс бойы  аймақтан 600-мыңнан аса текше метр қар шығарылған.

ДАМИР ТІЛЕУБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» БҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Төтеншеліктердің айтуынша, өңірдегі өзен-көлдердің мұзы қалың, тіпті кей жерде 1 метрге дейін жетеді. Егер тезірек мұзды жармаса сең жүрген кезде кептеліс пайда болып, күн жылынғанда жағдай қиындауы мүмкін.   

Өңір өзендерінің мұзын жаруға бюджеттен 35 миллион теңге бөлініпті. Қалың қардың кесірінен аймақтағы автожолдардың кейбірін су шаюы ықтимал. Құтқарушылар жағдай күрделеніп кеткен жағдайда тұрғындарды эвакуциялау жағында ойластырып қойыпты.

ТІЛЕГЕН ШАПАНОВ, РМК «ҚАЗГИДРОМЕТ» БҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: қазіргі таңда Ирикла...төменгі ағысына қарай тасталуда...гидрологиялық болжамға сәйкес... күтіп отырмыз…

Синоптиктердің болжауынша, облыста наурыздың 20-сынан соң ауа температурасы көтеріледі. Ресейлік ауа-райын болжаушылар облыстағы ірі трансшекаралық Жайық өзені бойынша гидрологиялық болжамымен бөліскен. Оған сәйкес, Ирикла су қоймасына келетін су көлемі 2,5 млрд текше метрді құрайды деп күтілуде. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2 есеге көп.