Бұдан былай Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңына ғимарат салуға болмайды. Ол заңмен реттелетін болады. Мақсат – киелі ғимаратты қорғап, оның бірегейлігін сақтау. Бүгін Парламент мәжілісінің депутаттары Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын талқылады. Аталған жаңа құжатта осы қалада тұратын қолөнершілердің бір шығынын мемлекеттік бюджет есебінен өтеу мәселесі де бар. Айтпақшы, бұл заң қабылданса, оны орындау мақсатында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу қарастырылмаған. 

ҰЛЫҚБЕК ТУМАШИНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Мен ойлаймын қазір беріп отырмыз ғой Түркістан қаласына шағын және орта изнеске коорпаративтік салықты ол жете ме жетпей ме, әлде біз оған ресупбликадан қосыламыз ба? Егер біз мәртебесін беріп отырсақ, мен ойлаймын республикадан да осы шараларға қаржы қарастыру керек». 

БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
«Бұл заңда бджте кодексіне жалпы елдің бюджеттік құрылына бір өзгеріс енгізіліп жатқан жоқ. Түркістан қаласын қаржыландыру облыс әкімдігін, облыс мәслихатын айналып өтіп, тікелей Түркістан қаласына республикалық бюджеттен ұстап отыру қарасытырлмаған. Себебі, қазіргі бюджеттегі нормалардың өзі Түркістан қаласын қаржыландырудың өзіндік тетіктері қарастырылған. Біз осы сұрақтың алдын-ала пайымдадық. Республикалық бюджеттен Түркістан қаласына түсіп жатқан мақсатты трансферттерін динамикасын қарадық. 2018 жылы облыс орталығы болғанға дейін 13 млрд айналасында жүрген болса, 2023 жылы 64,9, оның алдында 55 млрд, оның алды жағында 62 млрд, яғни 60-55 айналысында республикалық бюджеттен қаржы барып жатыр. Яғни қолдағы инструмент жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, облыс орталықтарын дамыту бағдарламасы аясында тікелей қаржы беруге мүмкіндіктер бар».