Екібастұзда су жаңа балалар шығармашылық орталығы салынып жатыр. Жасөспірім жеткіншектерді сапалы қосымша біліммен қамтамасыз ету мақсатында бой көтеретін ғимараттың жалпы ауданы 7,2 мың шаршы метр. Дизайн студиясы, ғарыштық орталық, робототехника кабинеті, дыбыс жазу студиясы бар заманауй бұл орталық биыл қыркүйек айында ашылады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл тікелей Президенттің тапсырмасы болатын. Бүгін аталған өңірге іс-сапарымен барған Премьер-Министр Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл ғимараттың уақытылы тапсырылуын өзім қадағалаймын деді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша салынып жатқан объект, сондықтан сапасы да өте жоғары деңгейде болуы керек. Мұндай орталықтар балалардың бос уақытын қамтып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қосымша білім алуына мүмкіндік береді. Орталық іске қосылғаннан кейін қалада қосымша біліммен қамту деңгейі 70%-ды құрамақ. Жоба менің жеке бақылауымда болады».
Одан бөлек, іс-сапар барысында үкімет басшысы Екібастұздағы жылу қазандықтардың жұмысын тексерді. Екібастұз халқының 2022 жылдың қысында қиыншылықты бастан өткергенін білеміз, тозығы жеткен жылу Олжас Бектенов. Енді қаладағы барлық жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.