ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” алаңында «Коммуналдық қалдықтарды басқару саласында инфрақұрылымды дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Елімізде жылына 4 жарым млн тоннаға ға жуық коммуналдық қалдық жиналады. Олардың басым бөлігі барлық жерде бөлек жинаудың болмауынан,қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жолға қойылмағандықтан полигондарға көміледі. Еліміздің жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға дейін қалдықтарды шығару қызметін 81 пайыздан 100 пайызға дейін қамтамасыз етіп,қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кәзіргі 24 пайыздан  40 пайызға дейін жеткізуіміз керек деді министр.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ  ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ