Елімізде мал ұрлығы тиылар емес. Сондықтан, полицейлер республика бойынша жедел-профилактикалық іс-шараны бастады. Нәтижесінде, үш күннің ішінде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды, 12 қылмыстық топ құрықталды. Операцияны жүргізуге 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды. Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар және мал сою цехтары тексерілді.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. 360-тан астам ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар ветеринария саласында 800-ге жуық құқық бұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр».