"

"

Ел аумағында жылдар бойы қылмыспен айналысып келген ірі қылмыстық топ құрықталды. Арнайы операция екі бірдей қалада: Астана мен Қарағандыда жүрді. Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе қоян-қолтық жұмыс істеді. Нәтижесінде есірткі сатып, атыс қаруын сақтаған бір топ қылмыскерді ұстады. Бұл ақпаратты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті растады.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

«70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, ірі көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды».