"
Елімізде жұмыссыз жүрген әйелдер көп. Осылай деп дабыл қаққан сенаторлар әйелдерді қолдау орталықтарын шұғыл ашу керек деп санайды. Онда бүгінге қажетті мамандықтар оқытылып, жеке кәсіпке баулу қажет деді.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«90-жылдардың басындағы ауыртпалық аналардың иығына артылды. Алақап арқалап, базарға шықты. Отбасын асыраушы әйелдер көбейді. Статистикалық деректерге сәйкес бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздар саны 452 069 адамды құрайтын болса, олардың 242 173-і әйелдер екен. Яғни жұмыссыздардың тең жартысы әйелдер қауымы. Бұл дерек үкіметті ойландыра ма? Әйгілі Маргерет Течердің істі талқылағыңыз келсе, ер адамға жүзеге асырғыңыз келсе әйел адамға барыңыз деген сөзі бар. Осы сөз қазіргі қазақтыңіскер қыздарына қарата айтылғандай көрінеді маған».
Айтпақшы бүгін Сенат депутаттары Мәжілістен келген кредитке қатысты өзгеріс енген құжатты қарады. Бұл заң бойынша енді жұбайының рұқсаты болмаса, несие берілмейді. Жоғары палата депутаттары бұл норманы мың айлық есептік көрсеткіш деп белгілеп отыр. Ол 3 млн 700 теңге. Осы сомадан артық кредит аламын десеңіз, міндетті түрде енді екінші жартыңыздан рұқсат керек болады.