Жезқазғанда көгілдір отын, газ қосу үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ басшысы мен мамандары халықтан заңсыз ақша талап еткен. Олар қызметті жеделдетеміз деп 70 мың теңгеден бастап 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде сыйақы бопсалаған. Күдіктілер ұсталды. Тергеу басталды деп хабарлайды қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНТРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды».

Қаржы мониторинг агенттігі қызметін асыра немесе теріс пайдалану, қаражат жымқыру сияқты фактілердің куәсі болсаңыз "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.