Әлеуметтік желіде бейтаныс ақсақалдың Алматы облысындағы Шелек ауылының тұрғындарын жергілікті аурухананың науқастарына азық-түлікпен көмектесуге шақырып жатқан видеосы тараған еді. Бейнеүндеуде аталған Шелек ауылындағы паллиативтік көмек көрсету ауруханасы 50 төсекке арналған.  Қазіргі таңда 36 науқас толық стационарлық ем алуда.

АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
  
Осылай деген ауыл ақсақалының ниеті ауыл тұрғындарын қасиетті Рамазан айында сауапты іске шақырғанымен әлеуметтік желіде түрлі пікір айтылған. Аурухана толық көлемде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылады, қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.Осыған орай аурухана басшысы орын алған келеңсіздіктерге пікірін білдірді.
       
АҒАБЕК УРИНБАСАРОВ,  ШЕЛЕК  АУЫЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК АУРУХАНАСЫ» ДИРЕКТОРЫ

Шелек ауылы тұрғынының бейнеүндеуі  қасиетті Рамазан айында қайырымдылықпен айналысуға шақырады, деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.