Бүгін Алматыда жол активтерінің ұлттық сапа орталығының жергілікті атқарушы орган өкілдеріне арналған оқу-семинары өтті. Жиынның мақсаты - жергілікті мамандардың жол құрылысы саласындағы біліктілігін арттыру және автомобиль жолдарының ақуалын жақсарту. 

Жол активтерінің ұлттық сапа ортылығының мәліметінше, Қазақстандағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімдеріндегі қызметкерлердің тек 10%-ы жол саласы мамандығын аяқтаған. Аталған салада арнаулы білім алмағандықтан жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында сметалық құжаттарды толтыруда, тапсырыс беруші тарапынан техникалық құжаттарды даярлауда олқылықтар орын алып, түрлі қателіктер кетуде. Осындай кемшіліктердің алдын алу үшін орталық мамандары жергілікті әкімдіктің жол саласына жауапты қызметкерлеріне оқу семинарын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Алматы қаласының аудан әкімдіктері мен қалалық әкімдіктің 30-ға жуық қызметкері қатысты. Сонымен қатар, білікті мамандар қазіргі жол сапасы жөніндегі сауалдарға да жауап берді. 
 
ҚУАНЫШ ТӨЛЕУХАНОВ ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Қазіргі уақытта жол саласына көп қаражат бөлініп жатыр. Сондай-ақ, әлемдік стандарттарға сай жаңадан асфальт-бетондар салынып жатыр. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарға жоғары қабаттарына полимер асфальт-бетондар қолданылады. Осы өзіміздің ірі мегаполистерді алғанда, Алматы-Астана қаласы бойынша үлкен магистральді жолдарда қала ішіне полимер асфальт-бетондар кеңінен қолданылып жатыр. Оның пайдасы – қарапайым асфальт жолдарға қарағанда ұзақ уақыт ақаусыз қолданыста болады». 

Сондай-ақ, мамандар жол салу кезінде орын алатын заңсыздықтар болса, тапсырыс берушіге қандай шаралар қолданатындығын да тілге тиек етті. Айтуларынша мердігер компанияға немесе авторлық-технозорлық мекемелерге арнайы айыппұлдар салынады. 

ҚУАНЫШ ТӨЛЕУХАНОВ ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Ол анықталған ақауға байланысты салынады. Мысалы, сол анықталған обьекті бойынша техникалық қадағалау ұйымының инжинеріне шағымдансақ, кемінде 500 мың теңгенің көлемін құрайтын айыппұлдар және де сол сәйкестікке әкелген технозорлардың көбісі өздерінің аттестаттарынан айырылу жазасы да қарстырылған. Болмаса 6 айға немесе 3 жылға аттестанын айырып тастау жазасы да қолданылады».